3 сағат бұрын

Бүгін футболдан Әйелдер лигасында ХХІІ турының алты ойыны өтеді

Бүгін футболдан Әйелдер лигасында ХХІІ турының алты ойыны өтеді

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХХІІ турының ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турда биыл бас жүлдеге қол жеткізуді қалайтын «Ақтөбе» сырт алаңда алматылық «Қайратпен» кездеседі. Алматылық клуб та осал қарсылас емес. Сондықтан ақтөбелік футболшылар жеңістің кілтін табуға тырысады. 

Қазір турнир кестесінде «Ақтөбемен» бірге бас жүлдеден негізгі үміткер саналатын шымкенттік БИІК клубы 13 қыркүйекте сырт алаңда елордалық «Жеңісті» 10:0 есебімен жеңді.

Ойын кестесі:

«Жетісу» (Талдықорған) - «Елімай» (Семей)

«Қайрат» (Алматы) - «Ақтөбе»

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Тобыл» (Қостанай)

«Атырау» - «Астана»

«Қайсар» (Қызылорда) - «Ұлытау» (Жезқазған)

«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Қызылжар» (Петропавл).

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Темірлан Анарбековке бүгін ота жасалады

Футбол 23 минут бұрын

Темірлан Анарбековке бүгін ота жасалады

Қазақстандық гимнастка Чехияда Гран-приде екі күміс медаль жеңіп алды

Басқа 29 минут бұрын

Қазақстандық гимнастка Чехияда Гран-приде екі күміс медаль жеңіп алды

Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартты

ММА/UFC 2 сағат бұрын

Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартты

Ян Вороговский «Тобылға» қарсы ойынды өткізіп алады

Футбол 2 сағат бұрын

Ян Вороговский «Тобылға» қарсы ойынды өткізіп алады

Жеңілісі жеңісінен екі есе көп

Футбол 2 сағат бұрын

Жеңілісі жеңісінен екі есе көп

Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады

Басқа 3 сағат бұрын

Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады