2 сағат бұрын
«Қайрат» клубы «Реал Мадридке» қарсы ойында билет қанша тұратындығын хабарлады

Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттердің сатылымы 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады, деп хабарлайды Sport12.kz
Билеттер клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасы арқылы сатылады.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, бір ЖСН-ге екіден артық билет сатып алуға рұқсат етілмейді. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кірген сәтте де қатаң тексеріледі.
Бағалар УЕФА-мен келісілген және барлық үй матчтарына бірдей:
30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін.
Бұл баға саясаты турнир талаптарына және халықаралық тәжірибеге сай белгіленген.
Айта кетейік, «Қайрат» - «Реал Мадрид» арасындағы ойын 30 қыркүйек күні сағат 21:45-ке жоспарланған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
