3 сағат бұрын
«Спортинг» «Қайратқа» қарсы матч алдында бірнеше негізгі ойыншысынан айырылды

Лиссабондық «Спортинг» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда алматылық «Қайратпен» өтетін ойын алдында бірқатар негізгі ойыншыларынан қағылды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Командаға вингер Нуну Сантуш, жартылай қорғаушылар Даниэль Браганса мен Хидэмаса Морита, қорғаушы Усман Дьоманде және шабуылшы Жени Катаму көмектесе алмайды. Сондай-ақ негізгі қақпашы Руи Силваның қатысуы да күмән тудырады.
«Қайрат» пен «Спортинг» арасындағы кездесу 18-19 қыркүйекке қараған түні Лиссабонда өтеді. Матчтың басталуы — Астана уақытымен 00:00-де.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
