2 сағат бұрын
«Қайрат» тарихи сапарға аттанды

Алматылық «Қайрат» тарихи сапарға аттанып кетті. Клуб Португалия астанасына ұшып барып, 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні Лиссабонның «Спортингіне» қарсы Лига чемпионаты топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Бұл – алматылықтар үшін басты еурокубоктағы дебюттік матч.
Пресс-қызмет жариялаған кадрларда ойыншылар әуежайда рейске тіркеліп жатқан сәттері көрсетілген. Әсіресе, шабуылшы Дастан Сәтпаев жанкүйерлерді қуантты – ол қолтаңбаларды ұшар алдында-ақ таратып үлгерді.
Тарихи кездесу «Спортинг» – «Қайрат» Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады.
Келесі ойынды алматылық клуб 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді. Қарсылас – әйгілі мадридтік «Реал». Бұл матчқа деген қызығушылық қазірдің өзінде жоғары: клуб билеттер сатылымының басталу күнін хабарлады, ал жанкүйерлер стадионға ағылатын күнді асыға күтіп жүр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
