2 сағат бұрын
«Қайраттың» сырт алаңдағы ойынына кім төрелік етеді?

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы кездесуге төрешілер бригадасы тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның ресми тұлғаларының басым бөлігі Польша өкілдері. Кездесудің бас төрешісі – Дамиан Сильвестжак. Оған Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмектеседі. Видео төреші қызметін Томаш Квятковски атқарады. Ал оның ассистенті – Нидерландыдан Пол ван Букел. Төртінші төреші – Марцин Коханек.
Айта кетейік, төреші Дамиан Сильвестжақ алғаш рет өз мансабында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасамақ. Ол осы маусымда Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигаларында бір матчтан қазылық жасаған.
Матч Лиссабонда 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді. «Қайрат» үшін бұл Лига Чемпиондарының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
