2 сағат бұрын
Ел президенті Қазақстанның қаласында стадион салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Ақмола облысына барып, Көкшетауда футбол стадионын салуды тапсырды, деп хабарлайды Sport12.kz
Мемлекет басшысы стадионның сыйымдылығы кемінде 10 мың адам болуы тиіс екенін атап өтті.
Қазіргі сәтте жергілікті «Оқжетпес» ұжымы 4 мың адам сиятын жасыл алаңда доп теуіп жүр.
Президентке Көкшетауда тұрғын үйді жаңарту бойынша бес жылдық бағдарламаның табысты іске қосылғаны туралы баяндалды. Кездесуде сондай-ақ қаланың жаңа бас жоспары таныстырылды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
