2 сағат бұрын
Самат Смақов: нәтижеге көңілім толмайды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында өз алаңында «Қайсар» клубымен тең түскен «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов ойынды қорытындылады, деп хабарлады Sport12.kz
- «Нәтижеге көңілім толмайды. Екінші таймда Нұрбол Ануарбеков алаңнан қуылса да, жеңіске жететіндей мүмкіндігімізді қолдана алмадық. Біз өз алаңымызда мүлдем ұпай жоғалтпауымыз қажет. Себебі, чемпионаттың бітуіне 3 тур ғана қалды. Енді «Қайрат» пен «Тобыл» секілді фавориттермен күш сынасамыз. Одан кейін өз алаңымызда «Қызылжарды» қабылдаймыз. Осы орайда футболшыларға барын салуды түсіндірдім. Өйткені кей футболшылар маусымның соңында кетеді. Жергілікті жанкүйерлер есте сақтап, құрметтеуі үшін көзге көріну қажет», - деді бас бапкер Самат Смақов.
Енді «Жетісу» 5 қазанға дейін біраз үзіліске кетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
