5 сағат бұрын
«Спортинг» - «Қайрат» кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Фото: «Қайрат» футбол клубы
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі алғашқы турындағы «Спортинг» (Португалия) пен «Қайрат» кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойынды Қазақстан уақытымен 00:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалауға болады.
Бас төреші міндеті польшалық Дамиан Сильвестжакқа жүктелген. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Марцин Коханек.
Алматылық клуб беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.
Еліміздің атынан аталған турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
