5 сағат бұрын

Туринде голға толы ойын өтті

Туринде голға толы ойын өтті

Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы ең әсерлі матчтарының бірі Туринде тіркелді. «Ювентус» пен дортмундтық «Боруссия» тең тарқасты — 4:4. Ерекшелігі сол, барлық сегіз гол екінші таймда соғылды. Opta Sports дерегінше, бұл – турнир тарихындағы ең нәтижелі екінші тайм.

52-минутта Адейеми есеп ашқанымен, араға көп уақыт салмай Йылдыз таразы басын теңестірді. Кейін ойын нағыз гол алмасуға ұласты: Нмеча «Боруссияны» қайта алға шығарды, бірақ Влахович есепті тең етті. Содан соң Коуто мен Бенсебаинидің голдары немістерді 86-минутта 4:2 есебімен алға шығарған. Алайда туриндіктер соңғы сәтте жанкүйерлерін қуантты: Влахович дубль авторы атанып, қосымша уақытта Келлидің соққысы «Ювеге» тең ойын сыйлады.

«Ювентус» сапынан Йылдыз, Влахович (екі рет) және Келли көзге түссе, «Боруссия» құрамында Адейеми, Нмеча, Коуто және Бенсебаини гол соқты.

Өткен маусымда «Ювентус» 1/8 финал алдындағы плей-офф кезеңінде ПСВ-ға жол берсе, «Боруссия» ширек финалда «Барселонадан» ұтылған еді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында есе жіберді

Күрес 23 минут бұрын

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында есе жіберді

Қазақ балуаны қарсыластың шашынан тартқаны үшін әлем чемпионатынан шығып қалды

Күрес 50 минут бұрын

Қазақ балуаны қарсыластың шашынан тартқаны үшін әлем чемпионатынан шығып қалды

Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын ел анықталды

Күрес 1 сағат бұрын

Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын ел анықталды

Қазақстан құрамасы қарашада Фарер аралдарымен кездеседі

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы қарашада Фарер аралдарымен кездеседі

Ламин Ямаль «Ньюкаслға» қарсы матчқа қатыспайды

Футбол 2 сағат бұрын

Ламин Ямаль «Ньюкаслға» қарсы матчқа қатыспайды

Каррагер: «Барселона» мен «Ливерпуль» финалда кездесуі мүмкін

Футбол 2 сағат бұрын

Каррагер: «Барселона» мен «Ливерпуль» финалда кездесуі мүмкін