2 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы қарашада Фарер аралдарымен кездеседі

Kazfootball порталының хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айындағы халықаралық үзіліс аясында Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді.
УЕФА регламентіне сәйкес, әрбір құрама жылына кемінде 10 ойын өткізуі тиіс. Қазақстан құрамасы биыл әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде 8 матч ойнайды, сондай-ақ жазда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізген болатын.
Қарашада біздің жігіттер алдымен өз алаңында Бельгияны қабылдап, кейін Фарер аралдарына қонаққа барады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
