2 сағат бұрын
«Реалдың» жұлдызды футболшысы «Алтын доп» марапатына барудан бас тартты

«Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Алтын доп» марапатын табыстау рәсіміне қатысуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sport12.kz
Іс-шара келесі дүйсенбі күні Парижде өтеді. Марапат иегері Мбаппенің отандасы, «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле болуы әбден мүмкін.
«Бұл жүлдені алу үшін, маған командалық трофейлерді жеңіп алу қажет. Біз оған қол жеткізген кезде, «Алтын доп» жайлы да ойланатын едік. Егер жүлдені Дембеле алса, мен қуаныштымын. Ол менің досым және әрқашан оны қолдауға дайынмын. Бірақ рәсімді мен теледидардан қараймын», — деді Мбаппе.
Айта кетейік, «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы саналады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
