2 сағат бұрын
6 айдан кейін жаңарған рекорд: Қазақстан чемпионатын қанша жанкүйер тамашалады?

Премьер-лиганың 23-турындағы жеті матчты жалпы 49 013 көрермен тамашалады, деп хабарлайды Sport12.kz
Турдың ең көп жанкүйер жиналған ойыны «Қайрат» – «Ақтөбе» (1:0) матчы болды. Оған 22 800 көрермен жиналды.
Ең аз жанкүйер Талдықорғанда өткен «Жетісу» мен «Қайсар» (1:1) арасындағы кездесуге жиналды (1 000 адам).
Бұған дейін ең көп жанкүйер келген 1-тур еді. Оған жалпы 42 353 көрермен қатысып, орта есеппен әр ойында 6 050 жанкүйер болған.
Чемпионат басталғалы Премьер-лига матчтарын барлығы 741 067 көрермен тамашалады. Бұл орташа есеппен әр матчқа 4 720 адамнан келеді.
23-тур Премьер-лига матчтарының көрермендер саны:
- «Қайрат» – «Ақтөбе» (1:0) – 22 800 көрермен;
- «Астана» – «Елімай» (3:3) – 15 233;
- «Атырау» – «Тобыл» (1:0) – 4 000;
- «Ордабасы» – «Жеңіс» (2:1) – 2 480;
- «Қызылжар» – «Оқжетпес» (3:1) – 2 000;
- «Тұран» – «Ұлытау» (1:1) – 1 500;
- «Жетісу» – «Қайсар» (1:1) – 1 000
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
