2 сағат бұрын
31 млрд 799 млн 143 мың теңге, не деген жомарттық? - Депутат қазақ футболын сынға алды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы депутаттық сауалында биыл 31 млрд теңге қаржы жұмсалғанын, ендігі кезекте қазақстандық клубтарды жекешелендіру қажет екенін атап өтті, Sport12.kz
Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
- Қазақстанның қамбасынан 2025 жылы футболға 31 млрд 799 млн 143 мың теңге жұмсалды деп ресми айтуға болады. Бұл не қылған жомарттық?! Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдадым. 2025 жылы Премьер-Лига футбол клубтарына 24 миллиард теңге, Бірінші Лигадағы футбол клубтарына 7,7 миллиард теңге берілген. Сәйкесінше Қазақстанның қамбасынан 2025 жылы футболға 31 млрд 799 млн 143 мыңтеңге жұмсалды деп ресми айтуға болады. Бұл мәліметтер уәкілетті органнан алынды.
2025 жылы Премьер-Лига футбол клубтарына 24 миллиард теңге, Бірінші Лигадағы футбол клубтарына 7,7 миллиард теңге берілген. Сәйкесінше Қазақстанның қамбасынан 2025 жылы футболға 31 млрд 799 млн 143 мың теңге жұмсалды деп ресми айтуға болады. Бұл мәліметтер уәкілетті органнан алынды.
сыныстар:
1. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі барлық футбол клубын жедел арада жекешелендіру қажет;
2. Қазақстандық футбол клубтары бүгінге дейін қанша қаражат алды, оны қайда жұмсады, бәрін толық тексеру керек;
3. Үкіметтің №1193 бұйрығына өзгеріс енгізіп дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы жаттықтырушылардың жалақысын көтеру қажет, - деп жазды ол.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
