2 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» «Аталантаны» ірі есеппен жеңді

Фото: UEFA.com
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі бірінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы өз алаңында Италияның «Аталантасын» 4:0 есебімен жеңді. Олардың қатарынан Маркиньос 3-минутта есеп ашса, одан кейін Хвича Кварацхелия 39, Нуну Мендеш 51, Гонсалу Рамуш 91-минутта емргендік танытты.
Сондай-ақ Англияның «Ливерпулі» Испанияның «Атлетико Мадридін» 3:2, Германияның «Бавариясы» Англияның «Челсиін» 3:1, Италияның «Интері» Нидерландтың «Аяксын» 2:0 есебімен жеңді.
Ал «Славия» (Чехия) мен «Бодо-Глимт» (Норвегия) 2:2, «Олимпиакос Пирей» (Грекия) мен «Пафос» (Кипр) 0:0 есебімен тең ойнады.
Енді 18 қыркүйекте «Брюгге» (Бельгия) мен «Монако» (Франция), «Копенгаген» (Дания) мен «Байер» (Германия), «Манчестер Сити» (Англия) мен «Наполи» (Италия), «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) мен «Барселона» (Испания), «Спортинг Лиссабон» (Португалия) мен «Қайрат» (Қазақстан), «Айнтрахт» (Германия) мен «Гадатасарай» (Түркия) ойнайды,
Айта кетсек, 16 қыркүйекте испаниялық «Реал Мадрид» өз алаңында Францияның «Марсель» клубын 2:1, Англияның «Арсеналы» Испанияның «Атлетигін» 2:0, Англияның «Тоттенхэм Хотспуры» Испанияның «Вильярреалын» 1:0, Бельгияның «Юнионы» Нидерландтың ПСВ клубын 3:1, Әзербайжанның «Карабах» клубы Португалияның «Бенфикасын» 3:2 есебімен жеңді.
Ал «Ювентус» (Италия) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) 4:4 есебіне қанағат білдірді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
