1 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин «Спортингке» қарсы ойын жайлы

Рафаэль Уразбахтин «Спортингке» қарсы ойын жайлы

Чемпиондар лигасының бірінші турында «Спортингке» қарсы ойын алдында Рафаэль Уразбахтин пікір білдірді.


Алыс сапар жайлы:

«Біз Лиссабонға кеше түстен кейін келдік. Алғашқы жаттығуымызды өткіздік. Ұзақ сапар болғандықтан, кішкене шаршап қалдық. Мен ұшаққа отырған кезде уақытты есептеп отырдым: жолға 11 сағат 45 минутымыз кетті. Ұшу шамамен 12 сағатқа созылды, орта жолда қонып, ұшаққа жанармай құйдық», – деді ол.


Матчқа дайындық туралы:

«Қазір олимпиадалық базада жаттығу жасап жатырмыз, ол жердің алаңдары тамаша екен. Бүгін кешке «Жозе Альваладе» стадионында ойын алдындағы жаттығу жиынын өткіземіз. Бұл біздің Еуропаға жасаған алғашқы сапарымыз емес. Ұзақ сапардан кейін жігіттердің қалпына келуі маңызды. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын».


Қақпашылар мәселесі жайлы:

«Біз екі негізгі қақпашымыздан айырылдық. Біреуі жарақатынан айығып жатыр, ал Анарбековтің жақ сүйегі сынып, оған ота жасалды. Қазір оның жағдайы жақсы, бірақ ұзақ уақыт емделу керек. Шамамен екі айға қатардан шықты. Ол, әрине, жас қақпашы, бірақ біздің қолымыздан не келеді?» – деді Уразбахтин.


Айта кетейік, «Қайрат» екінші турды 30 қыркүйек күні үйде «Реал Мадридке» қарсы өткізеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

Хоккей 4 минут бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі 

Футзал 8 минут бұрын

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі 

Италия Суперкубогы Сауд Арабиясында өтеді

Футбол 40 минут бұрын

Италия Суперкубогы Сауд Арабиясында өтеді

Рафаэль Уразбахтин «Спортингке» қарсы ойын жайлы

Футбол 1 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин «Спортингке» қарсы ойын жайлы

Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» «Аталантаны» ірі есеппен жеңді

Футбол 2 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» «Аталантаны» ірі есеппен жеңді

«Торпедо» хоккей клубы сырт айдында «Горнякты» жеңді

Хоккей 11 сағат бұрын

«Торпедо» хоккей клубы сырт айдында «Горнякты» жеңді