1 сағат бұрын
«Бавария» – «Челси»: немістер жеңіспен бастады

2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 1-турында Мюнхеннің «Бавариясы» өз алаңында Лондонның «Челсиін» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Ойын 17 қыркүйекте «Арена Мюнхен» стадионында өтті.
- 20-минутта «Челси» қорғаушысы Трево Чалоба өз қақпасына гол соғып алды.
- 27-минутта Гарри Кейн пенальтиден мүлт кеткен жоқ — 2:0.
- 29-минутта Коул Палмер есепті қысқартты — 2:1.
- 63-минутта Кейн дубль жасап, нәтижені түбегейлі анықтады — 3:1.
- 89-минутта Палмер тағы бір гол соққанымен, ол офсайд себепті есепке алынбады.
Келесі турда «Бавария» 30 қыркүйекте сырт алаңда Кипрдің «Пафосымен» кездессе, «Челси» өз алаңында «Бенфиканы» қабылдайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
