1 сағат бұрын
10 жылдан кейін қазақ баласы Чемпиондар лигасында гол соқты

Футболдан 19 жасқа дейінгі Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Қайрат» клубының ойыншысы Азамат Тұяқбаев «Спортинг» қақпасына дубль жасады, деп хабарлайды Sport12.kz
Әйтсе де отандық командамыз Португалия ұжымына 2:3 есебімен жол берді.
Бұған дейін 19 жасқа дейінгі Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 2015 жылы «Астана» клубы ойнап, барлық ойында есе жіберген еді. Сол сәтте елордалықтар сапынан 1 голды Ілияс Қуанышбай («Атлетико» қақпасына) салған еді.
Айта кетейік, ересектер футболында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған клубтардың жастары да өзара жеңімпазды анықтайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
