2 сағат бұрын
Жозе Моуриньо «Бенфика» клубының бас бапкері атанды

Фото: championat.ru
Португалиялық маман Жозе Моуриньо «Бенфика» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тәжірибелі маман аталған клубқа 25 жылдан кейін оралып отыр. 2000 жылы бапкер аталған клубта бір жыл қызмет атқарған еді.
Португалиялық команда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде өз алаңында Әзербайжанның «Карабах» командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Содан кейін команда басшылығы бас бапкер Бруну Лажні қызметінен алып тастады.
Ал Жозе Моуриньо биыл Түркияның «Фенербахче» командасын Чемпиондар лигасына шығар алмағандықтан қызметінен кеткен еді.
Жозе Моуриньо 1986 жылдан бері бапкерлікпен айналысып келеді. Еуропалық көптеген клубта жееткшілік етті. Нәтижесінде оларды жоғары табыстарға жеткізді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
