9 сағат бұрын
БИІК клубы Калоян Петковпен қош айтысты

Фото: БИІК футбол клубы
Шымкенттік БИІК командасы 53 жастағы болгариялық Калоян Петковтың команданың бас бапкері қызметінен кететіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клуб пен бапкерлер штабы өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады. БИІК клубы бірлескен жұмысы үшін болгариялық маманға алғысын білдіріп, болашақта табыс тіледі. Бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып Әбдухалик Бөрібаев тағайындалды.
Еске салсақ, әйелдер арасында Еуропа кубогының бірінші іріктеу кезеңінің матчында шымкенттік клуб швейцариялық «Грассхопперден» 1:3 есебімен ұтылды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
