1 сағат бұрын

«Қайрат» Чемпиондар лигасын сәтсіз бастады

«Қайрат» Чемпиондар лигасын сәтсіз бастады

Фото: UEFA.com

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында «Қайрат» Португалияның «Спортинг» командасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бірінші кезеңде 21-минутта португалиялық клубтан Мортен Юльман тепкен допты қазақстандық қақпашы Шерхан Қалмырза кейін қайтарса, одан кейін де бірнеше соққыға тосқауыл қойды.

Ал 44-минутта «Спортинг» сапынан Франсиску Тринкан есеп ашты. 

Екінші кезеңде қазақстандық команда жиі қателікке бой алдырды. Салдарынан небәрі төрт минутта қақпаға үш гол жіберіп алды. Алдымен Франсиску Тринкан 64-минутта тағы бір мәрте мергендік танытса, одан кейін Алиссон Сантос 66, Жеовани Кенда 68'-минутта қақпаны дәл көздеді.

Ойынның 86-минутында «Қайрат» сапынан Эдмилсон бір голмен жауап қайырды.

Осылайша қазақстандық команда қарсыласына 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Енді алматылық клуб алдағы ойынын 30 қыркүйекте Алматыда Испанияның «Реал Мадрид» командасына қарсы өткізеді. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Қайрат» Чемпиондар лигасын сәтсіз бастады

Футбол 1 сағат бұрын

«Қайрат» Чемпиондар лигасын сәтсіз бастады

Футзалдан Қазақстан - Италия кездесуінде жеңімпаз қарымта ойында шешіледі

Футзал 2 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан - Италия кездесуінде жеңімпаз қарымта ойында шешіледі

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін  «Спортингтен» жеңіліп жатыр

Футбол 3 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Спортингтен» жеңіліп жатыр

Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасы тарихына енді

Футбол 4 сағат бұрын

Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасы тарихына енді

БИІК клубы Калоян Петковпен қош айтысты

Футбол 4 сағат бұрын

БИІК клубы Калоян Петковпен қош айтысты

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингке» қарсы құрамын жариялады

Футбол 4 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингке» қарсы құрамын жариялады