1 сағат бұрын
«Қайрат» бас бапкері ойынға пікір білдірді

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Спортингке» қарсы өткен ойынды қорытындылады. Алматы клубы сырт алаңда 1:4 есебімен ұтылып қалды.
— Бұл өте өкінішті нәтиже. Мәселе тек жіберілген голдарда емес, бес минут ішінде үш гол өткізіп алғанымызда. Екінші таймның алғашқы 15 минутында біз ойынды дұрыс жүргіздік. Бірақ біз үшін матч 60 минутта аяқталып қалғандай болды, — деді Уразбахтин.
Португалияда өткен кездесуде «Қайраттың» жалғыз голын қақпаға Едмилсон соқты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
