1 сағат бұрын
«Барселона» жеңісті Англияда бастады

Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің 1-турында «Барселона» сырт алаңда «Ньюкаслға» қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу Ньюкасл-апон-Тайн қаласындағы «Сент-Джеймс Парк» стадионында өтіп, швед төрешісі Гленн Нюберг қазылық етті.
58-минутта каталондық клубтың шабуылшысы Маркус Рашфорд есеп ашып, баспен соққан голымен қонақтарды алға шығарды. Араға тоғыз минут салып, ағылшын ойыншысы дубль авторы атанып, «Барселонаның» басымдығын еселей түсті. Алайда матчтың соңғы сәтінде Энтони Гордон бір гол соғып, есепті қысқартты. Дегенмен, «Ньюкасл» есепті теңестіре алмады.
Осылайша, Флик шәкірттері топтық кезеңді маңызды жеңіспен бастады. Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 2026 жылдың 30 мамырында Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
