2 сағат бұрын
Холандтың жаңа рекорд орнатты

Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы топтық кезеңнің алғашқы турында «Манчестер Сити» өз алаңында италиялық «Наполиді» 2:0 есебімен ұтты. Кездесу 18 қыркүйек күні «Этихад» стадионында өтті.
21-минутта қонақтар ауыр соққы алды: Джованни Ди Лоренцо Эрлинг Холандқа қарсы өрескел ойнағаны үшін VAR-дың көмегімен алаңнан қуылды. Осылайша «Наполи» матчтың көп бөлігін аз құраммен өткізуге мәжбүр болды.
56-минутта Холанд есеп ашып, өз атына тарихи жетістік жазды. Бұл оның Чемпиондар лигасындағы 50-голы болды. Норвегиялық шабуылшы бұл көрсеткішке небәрі 49 матчта жетіп, рекорд орнатты. Бұған дейін Тьерри Анри осы межені еңсерген болатын.
65-минутта Жереми Доку есепті еселеп, «Ситиге» сенімді жеңіс сыйлады.
Келесі турда, 1 қазанда, «Манчестер Сити» сырт алаңда «Монакомен» ойнайды. Ал «Наполи» Лиссабонның «Спортингін» қабылдайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
