1 сағат бұрын
Дастан Сатпаев рекорд жаңарта алмады

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев толық 90 минут алаңда өнер көрсетті. Алайда жас форвард гол соға алмай, тарихтағы ең жас мерген атану мүмкіндігін жіберіп алды.
Ансу Фати 2019 жылы «Барселона» сапында 17 жас 40 күнінде гол соғып, бұл көрсеткіштің иегері атанған еді. Ал Сатпаев «Спортингке» қарсы матчқа 17 жас 38 күнінде шықты, бірақ қарсылас қақпасын ала алмады.
Sofascore дерегінше, қазақстандық ойыншыға 6.3 баға берілген. Бұл көрсеткіш «Қайрат» құрамындағы ең төмендердің бірі болды. Бар ынтасымен ойнағанына қарамастан, ол португалиялық клубтың берік қорғанысын бұза алмады.
Кездесу 1:4 есебімен «Қайраттың» жеңілісімен аяқталды. Алматы клубының жалғыз голын бразилиялық Эдмилсон соқты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
