3 сағат бұрын
Усман Дембеле - 2025 жылғы «Алтын доп» иегері

Фото. championat.com
Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Усман Демебеле футболдан 2025 жылғы «Алтын доп» иегері болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл марапат төртінші мәрте жыл қорытындысына емес футбол маусымының нәтижесі бойынша өтті. Онда 2014 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынды.
Оған спорт журналистері дауыс берді. Олар 10 спортшыны таңдады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы «Алтын допқа» қол жеткізеді.
Оған басты үміткерлер қатарында алғашқы бестікте Джуд Беллингем, Вирджил ван Дейк, Винисиус Жуниор, Флориан Вирц, Витинья енгізілді.
Биыл 68-ші мәрте өткізілген дәстүрлі іс-шара әлемдегі үздік футболшыларды анықтау мақсатында қолға алынған. 1956 жылдан бері «France Football» журналының қолдауымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
