3 сағат бұрын
Александр Заруцкий жарақатынан қашан айығады?

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Футболдан «Қайрат» командасының қақпашысы Александр Заруцкийдің жарақатынан қашан айығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин айтып берді,
- Дәрігерлердің болжамынша, алдағы апталарда толықтай жарақатынан айығады. Қазір ол жекелей жаттығу жүргізіп жатыр. Оған қоса Глазер де жекелей түрде дайындығын бастап кетті. Ал Зариа залда жекелей дайындығын бастап кетті, - деді бас бапкер.
Қазақстандық команда биыл Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Олар барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.
Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
