3 сағат бұрын
«Қайрат» U-19 – «Реал Мадрид» U-19 матчы жабық режимде өтеді
Фото. «Қайрат» футбол клубы
30 қыркүйекте Т.С.Сегізбаев атындағы Академия алаңында УЕФА Жасөспірімдер лигасының «Қайрат» U-19 және «Реал Мадрид» U-19 командалары арасындағы матчы өтеді. Кездесу 12:00-де басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клуб шешіміне сәйкес ойын жабық режимде өтеді. Матчқа клуб қызметкерлері, Академияның бапкерлер құрамы және тәрбиеленушілердің ата-аналары ғана көрермен ретінде қатыса алады.
Сондай-ақ матчқа БАҚ өкілдері қатыса алады. Аккредитацияға өтінім қабылдау туралы ақпарат жақын уақытта жарияланатын болады.
Бұл шешім Академия стадионының сыйымдылығы бар-жоғы 250 орынмен шектелгеніне байланысты қабылданды.
- «Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерге түсіністік білдіргені үшін алғыс айта отырып, команданы экраннан қолдауға шақырады. Жақын уақытта матчтың тікелей трансляциясы жайлы толық ақпарат жариялаймыз, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас