5 сағат бұрын
Александр Мартынович: Чемпиондар лигасына шығу - үлкен жетістік

Қайрат» капитаны Александр Мартынович үшін Чемпиондар лигасы жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Qsport-қа сілтеме жасап.
— Чемпиондар лигасы - ең басты турнир. Еуропада ғана емес, әлемдегі ең маңызды клубтық жарыс деуге болады. Клубтық әлем чемпионатын соңғы жылдары осындай форматта жасады. Бұған дейін ол жерде клубтар аз болатын. Тез ойнап, бітіріп кететін. Ал Чемпиондар лигасы — барлық футболшылардың арманы. Үлкен стадиондарда мықты командаларға қарсы ойнайсың. Оған жету үшін ұзақ жол жүру керек. Мен үшін Чемпиондар лигасы - қол жеткізуге болатын турнир. Әлем чемпионаты туралы айту маған қиын. Ол, әрине, негізгі жарыс. Бірақ бұл тұрғыда Беларусь құрамасына ол жаққа шығу әлдеқайда қиын. Ал жеке өзім үшін Чемпиондар лигасына шығу - үлкен жетістік.
Айта кетейік, «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Еуропаның басты клубтық турнирінің негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
