7 сағат бұрын
Хаби Алонсо ұзақ қашықтық қалай әсер еткенін айтты

Испанияның «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Хаби Алонсо 8 сағаттық ұшуға байланысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Қазақстанға ұзақ ұшып келуге қатысты айтар болсам, бейімделу керек. Бұл біз үшін әдеттегі жағдай емес. Ертең кезекті матч өтеді. Ұзақ сапар болды деген сылтау болмауы тиіс, - деді Хаби Алонсо.
Айта кетейік, Мадрид пен Алматы қаласының арақашықтығы 8 мыңнан астам шақырымды құрайды.
Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
