6 сағат бұрын

Алматыда бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 40 млн теңге алды

Алматыда бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 40 млн теңге алды

 Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты рәсімде марапаттады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Салтанатты рәсімде Дархан Сатыбалды спортшыларды жоғары нәтижесімен құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті.

«Сіздерді осы жарқын жеңістеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл – мен үшін қос қуаныш, өйткені біздің алматылық спортшылар ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль салды. Бұдан бөлек, күрес чемпионатында тағы бір медальға қол жетті. Мұның бәрі – сіздермен бірге мақтанатын жоғары нәтиже», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Загреб (Хорватия) қаласында өткен күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Нұрқожа Қайпанов та алғыс хат және қаржылай сертификатпен марапатталды.

Әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекова 40 млн теңге алса, күміс жүлдегер Назым Қызайбай 30, қола алған Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова 20 млн теңгеден алды.

Спортшылардың бапкерлері де алғыс хат пен қаржылай ынталандыруға ие болды.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Спортшылар барлығы 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Алматыдан ұлттық құрама сапында 4 спортшы бағын сынап, 4 медальға ие болды. Бұл – команданың жалпы жүлдесінің 40 пайызы.

1. Алуа Балқыбекова – алтын медаль.

2. Назым Қызайбай – күміс медаль.

3. Виктория Графеева – қола медал.

4.Елдана Тәліпова – қола медаль.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

Хоккей 2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

Рафаэль Уразбахтин: «Реал Мадридтің» шабуыл шебі өте мықты

Футбол 4 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин: «Реал Мадридтің» шабуыл шебі өте мықты

III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға 2 медаль салды

Басқа 5 сағат бұрын

III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға 2 медаль салды

Алматыда бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 40 млн теңге алды

Футбол 6 сағат бұрын

Алматыда бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 40 млн теңге алды

Алматы қаласының әкімі әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады

Бокс 7 сағат бұрын

Алматы қаласының әкімі әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады

Хаби Алонсо ұзақ қашықтық қалай әсер еткенін айтты

Футбол 7 сағат бұрын

Хаби Алонсо ұзақ қашықтық қалай әсер еткенін айтты