4 сағат бұрын
Рафаэль Уразбахтин: «Реал Мадридтің» шабуыл шебі өте мықты

Фото: fckairat.com
Алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Испанияның «Реал Мадрид» клубының шабуыл шебі мықты екенін атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық маман шабуыл шебінің жоғары деңгейде екенін айтып берді. Бұл шепте ойнайтын футболшылар саны көп.
- Мадридік клубта шабуыл шебіндегі футболшылар қай команданың да қорғанысына көп жұмыс алып келеді. Онда Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Арда Гюлер секілді тәжірибелі ойыншылар бар. Менің ойымша, шабуыл шебіндегі барлық футболшы өте мықты. Тіпті корольдік клубтағы барлық ойыншыны айрықша атап өтуге болады. Барлығы қақпаға қауіп төндіре елады, - деді Рафаэль Уразбахтин.
Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрстіледі.
Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
