01.10.2025
Килиан Мбаппе «Қайрат» - Испанияның «Реал Мадрид» кездесуінің үздігі атанды

Фото: UEFA.com
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және Испанияның «Реал Мадрид» (Испания) кездесуінде Килиан Мбаппе үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойында алматылық клуб қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Кездесу барысында Килиан Мбаппе хет-триктің авторы атанды. Осылайша ол аталған турнирдегі соққан гол санын бесеуге жеткізді.
Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді.
Енді олар беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
