8 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан әуесқой лигасының шешуші кезеңі басталды 

Футболдан Қазақстан әуесқой лигасының шешуші кезеңі басталды 

Фото: ҚФФ

Жетісу облысында 1-8 қазан аралығында футболдан Қазақстан әуесқой лигасы ойындарының шешуші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Sport12.kz.

 Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, финалдық матчтар Талдықорған қаласындағы «Болашақ» стадионында және Балпық би ауылындағы Б. Оңғарұлы атындағы стадион алаңында ұйымдастырылады.

Дәл осы кездесулерде Қазақстан әуесқой лигасының тарихындағы алғашқы чемпион анықталмақ. Жеңімпаз тек басты трофейді ғана емес, сонымен қатар маңызды спорттық мүмкіндіктерге ие болады. Атап айтсақ: 2026 жылғы маусымда Екінші лигада өнер көрсету құқығы, келесі маусымда Қазақстан Кубогына қатысу, сондай-ақ еліміздің атынан халықаралық аренада UEFA Өңірлер кубогында бақ сынау мүмкіндігі.

Финалдық кезеңнің барлық матчы Қазақстан футбол федерациясының (KFF) ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 

Ұйымдастырушылар атап өткендей, Жетісу облысының алаңдарында финалды өткізу тек спорт мерекесі ғана емес, еліміздегі әуесқой футболды дамытудағы маңызды қадам саналады.

Айта кету керек, финалдық кезеңге өңірлік турнирлердің жеңімпазы атанған 20 команда қатысуда. Ал дебюттік маусымда Қазақстан әуесқой лигасына барлығы 268 команда тіркеліп, ойыншылардың жалпы саны 6000-нан асты. 

Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталады

Футбол 5 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталады

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында көш бастады

Басқа 5 сағат бұрын

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында көш бастады

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Еуропа лигасында қызмет атқарды

Футбол 5 сағат бұрын

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Еуропа лигасында қызмет атқарды

Ресейлік қақпашы Шерхан Қалмырзадан кешірім сұрады

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы Шерхан Қалмырзадан кешірім сұрады

Қазақстандық төреші футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуі мүмкін

Футбол 8 сағат бұрын