8 сағат бұрын
Қазақстандық төреші футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуі мүмкін

Фото: ҚФФ
ФИФА төрешісі, қазақстандық Аслан Галаев 2026 жылдың қаңтар-ақпанында Латвия, Литва және Словенияда өтетін футзалдан Еуропа чемпионатына төрелік ететін үміткерлер қатарына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дайындық аясында А.Галаев пен басқа да үміткерлерге 13-16 қазанда Словенияның Любляна қаласында өтетін УЕФА-ның арнайы төрешілерге арналған курстарына шақыру келді.
Курс бағдарламасында ережелерді біркелкі түсіндіру бойынша нұсқаулықтар алу, қажетті физикалық дайындық деңгейін сақтау бойынша ұсыныстар, ойын кезіндегі шешім қабылдау механизмдерін пысықтау, сондай-ақ физикалық дайындық бойынша тест тапсыру қарастырылған.
Айта кету керек, 2022 жылы Аслан Галаев Испанияда өткен футзалдан жасөспірімдер Еуропа чемпионаты матчтарына төрелік етіп, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
