7 сағат бұрын
Ресейлік қақпашы Шерхан Қалмырзадан кешірім сұрады

Ресейлік ЦСКА командасының 21 жастағы қақпашысы Владислав Тороп алматылық «Қайрат» құрамындағы жас әріптесі Шерхан Қалмырзадан кешірім сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ресейлік «Советский спорт» сайтында ол Чемпиондар лигасы екінші турында қақпасына бес гол жіберіп алған қақпашы Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлағанын сынға алған еді. Онда командасы ірі есеппен жеңілгенде мұндай сыйлық алмайтынын айтқан болатын.
Көп ұзамай ол өзінің ойын журналисттің қате жеткізгенін айтып, қазақстандық әріптесінен кешірім сұрады. Сондай-ақ оның алдағы мансабында жоғары нәтижеге қол жеткізуге тілектестігін білдірді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
