5 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталады

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталады

Фото: ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасының 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағыоқу-жаттығу жиыны 3 қазанда Алматы қаласында басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еліміздің футбол федерациясының хабарлауынша, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Андорраға қарсы матчқа, сондай-ақ Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық ойынға шақырылған футболшылар тізімін жариялады.

Жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 3 қазанда Алматы қаласында басталады. Тізімге 24 ойыншы енді.

Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»).

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Никита Губарев («Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Рамазан Кәрімов («Жетісу»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Тамерлан Ағыманов («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жетісу»).

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызыл-Жар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбаев («Оңтүстік академиясы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Андорра құрамасына қарсы матчта жеңіспен бастады. Ал екінші ойында Англия құрамасына есе жіберді.

Іріктеу кезеңінің үшінші ойыны 9 қазан күні Андоррада өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Артынша 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын жоспарланған.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталады

Футбол 5 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталады

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында көш бастады

Басқа 5 сағат бұрын

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында көш бастады

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Еуропа лигасында қызмет атқарды

Футбол 5 сағат бұрын

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Еуропа лигасында қызмет атқарды

Ресейлік қақпашы Шерхан Қалмырзадан кешірім сұрады

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы Шерхан Қалмырзадан кешірім сұрады

Қазақстандық төреші футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуі мүмкін

Футбол 8 сағат бұрын

Қазақстандық төреші футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуі мүмкін

Футболдан Қазақстан әуесқой лигасының шешуші кезеңі басталды 

Футбол 8 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан әуесқой лигасының шешуші кезеңі басталды