06.10.2025
«Тоболдың» үш бірдей ойыншысы Қазақстан кубогының екі дүркін иегері атанды
«Тобол» футболшылары Асхат Тағыберген, Виктор Брага және Ислам Чесноков Қазақстан кубогын екінші рет жеңіп алды.
Команда капитаны Асхат Тағыберген алғашқы кубогын 2019 жылы «Қайсар» сапында иеленген. Виктор Брага болса, 2022 жылы «Ордабасы» құрамында жеңіс тойын тойлаған. Ал Ислам Чесноков екі мәрте де «Тобол» сапында үздік шығып, екі финалда да шешуші гол соққан.
Қазақстан кубогының рекордшілері ретінде төрт титулдан еншілеген Алексей Клишин (1993, 1996/1997, 1997/1998, 2002), Бауыржан Исламхан (2014, 2015, 2017, 2018) және Марк Гурман (2010, 2014, 2015, 2019) қала береді. Сондай-ақ, тоғыз футболшы бұл трофейді үш реттен жеңіп алған, олардың қатарында Сергей Климов, Олег Литвиненко, Нүркен Мазбаев және Жерар Гоу бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас