9 сағат бұрын
Бахтиёр Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 15 голын соқты

Фото: ҚФФ
Жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов футболдан Қазақстан құрамасы сапында 15 голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл голды дәл қазір елордада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы кездесуде өзінің еншісіне жазды.
Осылайша ол ұлттық құрама сапындағы мергендер көшінде бірінші орында келеді. Одан кейінгі орында 13 голмен Руслан Балтиев тұр.
Ойынның 28-минутында әріптесі Ғалымжан Кенжебектің берген пасын ол голға айналдыра білді. Одан бұрын Ғалымжан Кенжебектің өзі қарсылас құраманы қапы қалдырып, ойынның есебін ашқан еді.
Бахтиёр Зайнутдинов 1998 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін қазақстандық «Тараз», «Астана», ресейлік «Ростов», ЦСКА, Түркияның «Бешикташ» клубтарында доп тепті.
2025 жылы Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) клубына қосылды.
Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2018 жылы 23 наурызда Венгрияға қарсы өткізді. Бұл ойында алғашқы голын соғып үлгерді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас