9 сағат бұрын
Максим Самородов алдағы ойынға қатыспайды

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Босния және Герцоговина құрамасымен кездесуге қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шабуылшы дәл қазір өтіп жатқан Лихтенштейнмен кездесуде сары қағаз алып қалды. Салдарынан енді ол сары қағаздың көптігінен 13 қазанда болатын алдағы ойынға қатысу мүмкіндігінен айырылып қалды.
Қазақстандық футболшылар Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңіп жатыр. Ел құрамасынан Ғалымжан Кенжебек 26, Бахтиёр Зайнутдинов 28-минутта мергендік танытты.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас