8 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қапы қалдырды

Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қапы қалдырды

Фото: ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Лихтенштейнге қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен оған қарсыластар мүмкіндік бере қойған жоқ. Десе де қазақстандық құрамадан Ғалымжан Кенжебектің белсенділігі байқалды. Нәтижесінде ол 26-минутта қарсыластар қақпасы маңында бірнеше футболшыны алдап өтіп, алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты.

Одан кейін ол әріптесі Бахтиёр Зайнутдиновке пас шығып, соңғысы оны голға айналдыра білді. 

Екінші кезеңде отандастарымыз белсенділікті арттыра түсті. Ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенщебек тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Ел құрамасынан 81-минутта Әлібек Қасым соққан гол кездесудің нүктесін қойды. 

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті. Сол арқылы үш ойынға созылған жеңіліс сериясына нүкте қойды.

Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

Елі ел құрамасы алдағы ойынын 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қуат Хамитов ұлттық құрама жайында: жалғыз өзім ойнап бере аламын

Футбол 6 сағат бұрын

Қуат Хамитов ұлттық құрама жайында: жалғыз өзім ойнап бере аламын

Ғалымжан Кенжебек Қазақстан -Лихтенштейн кездесуінде үздік атанды 

Футбол 7 сағат бұрын

Ғалымжан Кенжебек Қазақстан -Лихтенштейн кездесуінде үздік атанды 

Талғат Байсуфинов «Қайрат» клубы жайлы сөз қозғады

Футбол 7 сағат бұрын

Талғат Байсуфинов «Қайрат» клубы жайлы сөз қозғады

Талғат Байсуфинов ірі жеңіске қатысты пікір білдірді

Футбол 7 сағат бұрын

Талғат Байсуфинов ірі жеңіске қатысты пікір білдірді

Жаттығу залын көзі көрмей қалған бала: полиция қылмыстық істі қысқартқан

Басқа 8 сағат бұрын

Жаттығу залын көзі көрмей қалған бала: полиция қылмыстық істі қысқартқан

Футзалдан ел біріншілігінде «Қайрат» «Ақтөбеден» басым түсті

Футзал 8 сағат бұрын

Футзалдан ел біріншілігінде «Қайрат» «Ақтөбеден» басым түсті