5 сағат бұрын
Талғат Байсуфинов «Қайрат» клубы жайлы сөз қозғады

Нұрғали Жұмағазы
Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов «Қайрат» клубының ойыншылары жайлы дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
- «Дастан Сәтпаевтың жарақаты сәл күрделірек. Александр Мрынский да жастар құрамасына бармады. Шамадан тыс көп ойнаған. Дамир Қасаболаттың да жағдайы осыған ұқсас. Бірақ олар жаттығу жасады. Шынын айтқанда бұл футболшылар тек 50 пайызға ғана дайын болды. Содан кейін біз ақылдасып, 23 футболшының қатарына кіргізбедік. Алайда Солтүстік Македонияға қарсы матчта дайын болуы керек», — деді Талғат Байсуфинов.
Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан құрамасы сапында алматылық командадан Дастан Сәтпаев, Дамир Қасаболат, Темірлан Анарбеков жасыл алаңға шыққан болатын.
Енді Қазақстан құрамасы 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македониямен күш сынасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас