3 сағат бұрын
Қуат Хамитов ұлттық құрама жайында: жалғыз өзім ойнап бере аламын

Белгілі спортшы Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнді (4:0) жеңгеннен кейін пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Болмайтын, ешкім танымайтын командаға гол соғып, мәзсіңдер. Мен оларға жалғыз өзім ойнап, бере алам» деді ол.
Кездесу барысында Ғалымжан Кенжебек 26, 57, Бахтиёр Зайнутдинов 28, Әлібек Қасым 81-минутта гол соқты.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас