4 сағат бұрын
Қазақстандық төрешілер шетелде қазылық етеді

Қазақстандық төрешілер бригадасы жастар арасындағы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Әзірбайжан мен Шотландия құрамалары арасындағы матчқа тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бас төреші қызметін Саят Қарабаев атқарады. Оған отандастары Юрий Тихонюк пен Евгений Бельский көмектеседі. Төртінші төреші – Сәкен Байымбет. Ал төрешілердің жұмысына баға беретін бақылаушы – Молдова өкілі Александру Теан.
Кездесу 14 қазан күні Баку қаласындағы «Liv Bona Dea Арена» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
