3 сағат бұрын
«Қайрат» жанкүйерлері команда басшылығына бойкот жариялады

Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» жанкүйерлері команданың Чемпиондар лигасы үшінші турындағы Алматыда өтетін Кипрдің «Пафос» клубына кездесуге бармауға шақырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл шешімді билет бағасының қымбаттығына байланысты қабылдап отыр. Өйткені, билет 30-250 мың теңге аралығында болған. Бұл екінші турдағы алматылық клубтың Испанияның «Реал Мадрид» клубымен кездесудегі билет бағасымен бірдей болып отыр. Дегенмен команданың деңгейі олардан төмен екені белгілі. Сондықтан жанкүйерлер алматылық клуб басшылығының билет бағасын осындай деңгейде қоюына қарсылығын білдіріп отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
