4 сағат бұрын
«Ақтөбе» клубының жас футболшысы өлімінің мән-жайы анықталды

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» клубының жас футболшысы Арон Мұсаның өлімінің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 12 қазанда түскен хабарлама бойынша барған құтқарушылар үй ішінен үш адамның денесі тапты.
- Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту түскен. Алайда үш адам да ақ халаттылар барғанша мерт болған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
