4 сағат бұрын
Солтүстік Македония - Қазақстан бірінші кезеңнен тең ойнап жатыр

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Солтүстік Македониямен кездесуінде бірінші кезеңде тең ойнап жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екі құрама алғашқы минуттан белсенді қимыл көрсетті. Гол соғатын мүмкіндіктер де болды. Дегенмен олар діттеген мақсатына жете алған жоқ.
Ойын барысында Ғалымжан Кенжебектің белсенділігі көрініп тұрды.
Отандастарымыз қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.
Ал Солтүстік Македония екі мәрте Лихтенштейнді (3:0, 5:0) жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Уэльспен (1:1) тең ойнады.
Қарсыластар қазірге дейін екі мәрте кездесті. Екеуінде де македониялық футболшылар жеңіске жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
