3 сағат бұрын
«Реал» ойыншысы «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Эндрик «Реалдағы» өзіне берілген ойын уақытына көңілі толмайтынын айтты.
Осыған байланысты ол алдағы қыста командасын өзгертуі мүмкін.
Журналист Маттео Мореттоның хабарлауынша, 19 жастағы шабуылшыға «Ювентус» клубы назар аударып отыр.
Эндрик болса, Бразилия құрамасымен Әлем чемпионатына қатысу үшін тұрақты түрде ойын тәжірибесіне ие болғысы келеді.
Айта кетсек, футболшы осы маусымда бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
