3 сағат бұрын
Мұхаммеджан Сейсен қақпашыларға көлік мінгізу жайында ойын айтты

Фото. «Астана» футбол клубы
Футболдан Қазақстан құрамасы мен елордалық «Астана» командасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Солтүстік Македониямен кездесуден кейін өзіне ат мінгіземін дегендерге қарсы еместігін жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел құрамасы 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл кездесуде қақпашы қарсылас құрама тарапынан жасалған көп соққыға тойтарыс бере білді.
- Көкпар тарту қанымда бар. Атам мен әкем көкпар тартқан еді. Қазір қақпашылардың барлығына көлік беріп жатыр ғой. Енді маған жылқы мінгізсе, - деді ол журнлист Айбек Қабылшаға берген сұхбатында.
Мұхаммеджан Сейсен 1999 жылы дүниеге келген. Тараз футболының түлегі қазірге дейін «Тараз», «Ордабасы» клубтарында доп тепті. Өткен жылдан бастап елордалық «Астана» сапына ауысты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
