3 сағат бұрын
Бүгін Темірлан Анарбеков 22 жасқа толды

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бүгін «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков 22 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Темірлан Атырауда дүниеге келіп, алғашқы футбол қадамын туған клубында жасады. 2017 жылғы қарашадан бастап ол «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушісі атанды.
2020 жылы, небәрі 17 жасында, Анарбеков Премьер-лигадағы алғашқы ойынын «Таразға» қарсы өткізді (0:1).
2022 жылы ол Бірінші лигада ойнайтын «Қайрат-Жастар» командасының капитаны болды. Ал 2024 жылғы маусымда астаналық «Жеңісте» жалға ойнап, командамен бірге Лига кубогының финалына дейін жетті.
Осы жаз Темірлан үшін ерекше есте қалды. УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы матчта (0:0) ол пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, «Қайратты» алғаш рет Еуропаның элиталық кезеңіне алып шықты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
