5 сағат бұрын

Қазақ бапкері қалсын: белгілі журналист ұлттық құрамаға бағасын берді

Қазақ бапкері қалсын: белгілі журналист ұлттық құрамаға бағасын берді

Белгілі журналист Аслан Қаженов Скопье қаласына барған сапарында өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz

"Талғат Байсуфинов ары қарай да осы қызметте қалады деп үміттенімін. Ұлттық құрама жігіттері бұл кісіні қатты сыйлайтынын байқадым. Кеше жасыл алаңда барын да, жанын да салып жатқандары сондықтан. Команда қазақшалана бастады. Қазақша тапсырма беріледі, қазақша жоспар құрылады. Киім ауыстыратын бөлмедегі әңгімелер де ана тілімізде айтылуда. Тәуелсіздік алғанымызға 35 жыл болса да, енді ғана осыған қолымыз жетті. Енді-енді ұлттық мүдде мен ұлттық рух алға шыға бастады. Бұның бәрі, айналып келгенде, нәтижеге де тікелей әсер етеді. Сондықтан, көрші елдерден кім көрінгенді сүйрелей бермей, өзіміздің маманға мүмкіндік берейік! Қолда бардың қадірін білейік! Алда жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Бірге болайық! Бірге қолдайық! Ауызбіршілік керек! Осындай қазақ бапкерлері көбейе берсін! Оларға жол ашайық, жағдай жасайық! Осынша жыл неге тұншықтырып, ішімізден іріп келгенімізді түсінбеймін. Десе де, кешегі ойындардан кейін үміт оянды. Қазақ балалары қолынан біраз нәрсе келеді! Қазақ балалары әлі талай әлемді мойындатады! Сәттілік!", - деді Аслан Қаженов.

Айта кетейік, Солтүстік Македония мен Қазақстан арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Енді жерлестеріміз 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы соңғы матчтын 15 қараша күні Бельгияға қарсы өткізеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізді

Футбол

Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізді

Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубының неше түлегі Қазақстан чемпионатында ойнайтындығын айтты

Футбол 24 минут бұрын

Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубының неше түлегі Қазақстан чемпионатында ойнайтындығын айтты

Ұлттық құрама жайлы ерекше мәлімет шықты

Футбол 43 минут бұрын

Ұлттық құрама жайлы ерекше мәлімет шықты

Футболдан Бразилияның жолдастық ойыны күтпеген нәтижемен аяқталды

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан Бразилияның жолдастық ойыны күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті келді

Басқа 2 сағат бұрын

Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті келді

«Қайрат» - «Реал Мадрид» ойынын қанша адам тамашалады?

Футбол 3 сағат бұрын

«Қайрат» - «Реал Мадрид» ойынын қанша адам тамашалады?